Елімізде жер сілкінісі туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр
Деректі фильмді президенттің телерадиокешені дайындаған. Таспада жер сілкінісі қаупі төніп тұрған елдер, Қазақстанның бұл тізімге енгені туралы айтылады. Сонымен қатар фильмде қазақстандықтардың төтенше жағдайларға дайындығы туралы айтылады.
"Жыл сайын жер шарында бірнеше жүз мың жер сілкінісі болады. Оның жүзге жуығы жойқын, адамдардың өмірін қиып, бүкіл мегаполисті қиратып әкете алады. Біздің еліміз сейсмикалық тұрақсыз мемлекеттер тізімінде. Түркиядағы жойқын жер сілкінісін көріп, "Қазақстан мұндай апатқа дайын ба?" деген ой келеді ", - делінген фильмнің хабарламасында.
6 ақпанда Түркия мен Сирияда күшті жер сілкінісі болды. 7,7 баллдық жер сілкінісі елдерге ауыр зардап әкелді. Кейінгі мәліметтер бойынша Түркияда 50 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Қазақстан түрік халқына көмектесуін жалғастырып жатыр. Зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін Түркияға алғаш болып қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер аттанды. Қазақстан тұрғындары қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Сонымен қатар Түркияға 84 киізүй жөнелтілді, тағы 100 киізүй дайындалып жатыр.