Ақтөбе облысында көктайғақтың кесірінен мұзға жығылып жатқандар көп
Cурет: istockphoto.com
Ақтөбе облысында жолдар жабылды. Бірнеше күнге созылған ақтүтек бораннан соң күн күрт жылынып, енді жаңбыр жауып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соның салдарынан көшелер мұзға айналып, көктайғақта жарақат алғандар көбейген.
"Шынтағы, иығы сынып келіп жатқан адамдар бар. Сосын жабық бас жарақатымен келіп жатыр. Егде жастағы адамдар мынандай уақытта, қатты көктайғақта үйде отырғаны дұрыс". Ақтөбе облысы жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Абзал Мағзұмұлы
Облыстық аурухананың травматология бөліміне түске дейін екі-үш сағат ішінде мұзға жығылып, сүйегін сындырған 74 науқас келген. Жағдайы ауыр дегенін ауруханаға жатқызып, қалғанына гипс салып қайтарып жатыр.
Осы көктайғаққа байланысты әкімдікке арыз жазушылар да көбейген. Бәрінің талабы - мұзды ойып, дереу құм себу.
"Қазіргі 500-ге жуық тонна құм-тұз бар. Оның бәрі себіліп жатыр. Сосын қайтадан орнына келтіріп, алдыңғы күндерге де дайындалып жатырмыз. Енді қазір наурыз айы ауа райы осындай болады. Сол себептен жұмыс күшейтілуде. Түнгі ауысымда да жұмыс істелініп жатыр".Алматы ауданы әкімдігінің ТКШ бөлім басшысы Әнуар Жаңбыров
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript