Түркістан облысында Наурыз мейрамы 10 күн бойы 10 түрлі атаумен атап өтіледі
Сурет: Zakon.kz
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы Түркістан облысында 10 күн бойы 10 түрлі атаумен атап өтіледі. Онкүндіктің алғашқы шарасы "Наурыз – тазалықтың айнасы" атауымен сенбіліктен бастау алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұдан бөлек "Әр отбасыдан бір ағаш" отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Тұрғындар тал егіп, айналаны күл-қоқыстан тазартып жатыр. Игі шара аясында облыс көлемінде жалпы 1 млн-дай көшет егу көзделген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
"Көгерген деген жақсы ғой. Тал егу, ауыл көгереді. Әдемі болады. Мына елмен жабылып, осыны егіп отырмыз. Болашақта осы балаларымызға тал қалады". Келес ауданының тұрғыны Гауһар Жораева
Ал бүгін "Наурыз –жақсылықтың жаршысы" деген атаумен мерекелік құттықтау челленджі басталды. Қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, атақты спортшылар, өнер адамдары, түрлі этнос өкілдері мен белсенді жастар "Түркістаннан Отырарға" деген ұранмен әр жарты сағат сайын әлеуметтік желіде құттықтау жолдайды. Шара Яссауи кесенесінен бастау алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript