Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура Қаржы министрінің атына қадағалау актісін енгізді

Бас прокурутару, қадағалау актісі,  «Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет»  пилоттық жобасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 10:29 Сурет: gov.kz
Бас прокуратура 14 наурыз күні "Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет" пилоттық жобаны талдау қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалаушы органның мәлімдеуінше, бұл науқан шеңберінде азаматтар салық органдарына оларға тауар чегін бермеуге қатысты бұзушылықтар туралы хабарлайды.

Талдау мемлекеттік кірістер органдарының іс-әрекеттерінде әртүрлі бұзушылықтар бар екенін көрсетті.

"Медерхан" ЖК фискалдық чекті бермегені туралы өтініш бойынша Талғар ауданы (Алматы облысы) Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы сауда нүктесінің орналасқан жеріне барған. Нысанда ол кәсіпкерді және бақылау-кассалық машинаны тіркеу туралы құжаттарды талап еткен. Іс жүзінде тексеру жүргізілді. Деректер Кәсіпкерлік кодекстің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын бұза отырып алынған және дәлелдемелер ретінде саналмайды".Бас прокуратура

Прокурорлар қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша кәсіпкерді жауапқа тарту туралы қаулының күші жойылып, тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін лауазымды адамға әкімшілік айыппұл салынды.

Бұған қоса бизнес субъектілеріне чектерді бермеу туралы жеткілікті дәлелдерсіз әкімшілік жазалар қолданылған.

Жалпы, Бас прокуратураның мәліметінше, заң бұзушылықтар барлық жерде анықталды.

"Осыған байланысты Бас прокуратура Қаржы министрінің атына қадағалау актісін енгізді. Мемлекеттік кірістер комитеті аталған акция шеңберінде келіп түскен шағымдарды пысықтау бойынша салық органдарының іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Барлық мемлекеттік кірістер департаменттері аудандық басқармалардың қызметкерлерімен түсіндіру семинарларын өткізді".Бас прокуратура

Ведомство өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, бүгінге мемлекеттік кірістер органдарының 53 қызметкері, оның ішінде 18 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Бұдан басқа, 8 лауазымды тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды. Сонымен бірге, әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы 346 заңсыз қозғалған қаулының күші жойылды", – Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: