Жауын-шашын, жел, көктайғақ: 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
15 наурызда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз 15 наурызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
15 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы күндіз 0-5 аяз, облыстың оңтүстігінде 3 жылы.
15 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 наурызда Ақмола облысында түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 наурызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
15 наурызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
15 наурызда күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
15 наурызда таңертең және күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 2 аяз-3 жылы, облыстың оңтүстігінде 8 жылы.
15 наурызда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман күтіледі.
Алматыда 15 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 наурызда Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с.