Елімізде бір тәулікте 81 адам коронавирус жұқтырған
Сурет: Zakon.kz
Бір күн бұрын 88 адам жұқтырғаны хабарланып еді. Денсаулық сақтау министрлігі 31 наурыз күнгі ақпаратты мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
31 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 750 адам коронавирус инфекциясынан (–1 572+ және 178 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 166 пациент стационарда, 1 584 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript