Жаңалықтар тізбегі
0

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қанша тұрады

 Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу құны, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 14:53 Сурет: Zakon.kz
Цифрлық даму министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлері орындайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағаларын бекіту туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағаcын мынадай мөлшерде бекіту жоспарланған:

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу, әке болуды (ана болуды) белгілеуге, баланы асырап алуға, атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу  – 7 530,26 тг, (ҚҚС-пен) 8 433,89 тг.

Қайтыс болған баланы және өмірдің бірінші аптасында қайтыс болған баланы мемлекеттік тіркеу – 7 368,23 тг, ҚҚС-пен 8 252,42 тг.

  Бір жасқа толған және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу (мерзімін өткізіп ала отырып) – 7 766,12 тг, ҚҚС-пен 8 698,05 тг.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу  – 7 682,03 тг, ҚҚС-пен  8 603,87 тг.

Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 7 612,29 тг, ҚҚС-пен 8 525,77 тг.

Ата-аналардың бірлескен өтініші негізінде әке (ана) анықталуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу  – 7 405,15 тг, ҚҚС-пен 8 293,76 тг.

 Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына, оның ішінде атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізу

 Өзара келісім бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу  – 8 728,02 тг, ҚҚС-пен 9 775,39 тг.

 Жұбайын хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін жұбайын кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімі негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу – 8 479,86 тг, ҚҚС-пен 9 497,44 тг.

 3.3. 2019 жылғы 10 желтоқсанға дейін шығарылған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу – 8  051,20 тг, ҚҚС-пен  9 017,35 тг.

Өлімді мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу

Өлімді мемлекеттік тіркеу  – 7 887,12 тг, ҚҚС-пен 8 833,58 тг.

Өлімді мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу  – 8 205,03 тг, ҚҚС-пен 9 189,63 тг.

Жоба 2023 жылдың 24 сәуіріне дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: