Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат жүргізуші куәлігін емтиханды тапсырмай-ақ оп-оңай алу мүмкіндігін шектеуді сұрады

Депутат жүргізуші куәлігін емтиханды тапсырмай-ақ оп-оңай алу мүмкіндігін шектеуді сұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 14:49 Сурет: Zakon.kz
Respublica партиясы фракциясының депутаты Олжас Құспеков мәжіліс отырысында үкімет басшысына сауал жолдады. Ол жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандардың саны жыл сайын көбейіп келе жатқанына қатты алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттың сөзінше, елде жыл сайын 10-15 мың жол-көлік оқиғалары тіркелсе, салдарынан 2 мыңға жуық адамдар қаза табады. 30 жылда жол апатынан қайтқандардың саны Ауған соғысында қаза тапқан КСРО әскер санынан 4 есе асып отыр. Жол апаты салдарынан туындайтын экономикалық шығынның көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің 3%-ына тең. 

"Сарапшылардың пайымдауынша, жол-көлік оқиғаларының көбеюінің негізгі себебі – емтиханды тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін еш кедергісіз оп-оңай алу мүмкіндігі. Ондай көмекті емтиханды өткізуді ұтып алған мердігер компанияның қызметкерлері де, автоЦОН қызметкерлері де ұсынып жүр. Жыл сайын жол ережесі емтиханын тапсырушылардың саны орташа есеппен 424 мың адам болса, ең төменгі жобамен олардың 10%-ы – 42 мың адам куәлікті сатып алса, сатудан түскен қаражаттың көлеңкелі айналымы жыл сайын 8 млрд теңгеден асады".Олжас Құспеков

Депутат адам өліміне әкелетін осындай қылмыстардың өршіп тұруына неге жол беріліп отырғанын сұрады. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, жүргізуші куәлігін алуға емтихандарды қабылдау жөніндегі қызмет түрін үшінші тұлғаға заңсыз негізде беріп отырғанын айтты.

"Бұл қызмет түрін нарыққа беру туралы шарт ешқандай заңда қарастырылмаған. Мердігер компанияға ақпараттық қауіпсіздік пен құрылғыларға қойылатын талаптар ескерілмеген. Жүргізуші куәлігін алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендіктен, бұл мемлекет қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы құзыреттілігі аясынан алып тастау ұсынылады", - деп ұсынысын айтты депутат.

Сонымен қатар депутат Ішкі істер, Цифрлық даму, министрліктері, Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің қатысуымен кеңесші орган құруды ұсынды;

  • сыбайлас жемқорлық белгілері бар тәуекелдерге түбегейлі талдау жасап, болашақта оларлы болдырмау жайлы механизмді енгізуді;
  • аталмыш мемлекеттік қызмет түрін бәсекелестік жағдайында және ҚР заңдарын сақтай отырып нарыққа беруді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: