Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа кіргізу керек деп есептейді

Депутат Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа кіргізу керек деп есептейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 17:12 Сурет: gov.kz
Бұл туралы Ұласбек Сәдібеков Экология және табиғи ресурстар министріне сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттың айтуынша, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, Арал экологиялық апат аймақтары болғанмен аталған өңірлермен бір әкімшілік, климаттың деңгейінде орналасса да, Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданы сол тізімге енбей қалған.

"Бүгінде Кентаудың қасындағы Түркістан қаласы мен Сауран, Созақ аудандарының халқы экологиялық апат аймағына жататындықтан бюджеттік сала қызметкерлері жалақыға қосымша 1.2 коэффициент әлеуметтік көмек және жыл сайын төленетін демалысқа қосымша 7 күнтізбелік күн, медициналық сауықтыруға 1 айлық еңбекақы мөлшерінде төлем алады. Ал сол өңірлердің ортасында тұрған Кентау халқына мұндай ерекшелік берілмеген".Ұласбек Сәдібеков

Оның сөзінше, Кентауға қарасты Құсшы ата ауылындағы жолдың арғы беті экологиялық аймаққа жатса, бергі беті экологиялық аймақ деп есептелмейді. Барлық тұрғынның жұтып отырғаны бір ауа дейді депутат.

"Сондықтан Кентау қаласын экологиялық аймаққа жатқызуға болады деп ойлаймын. Сонымен қатар Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында да осыған ұқсас жағдай болып жатыр. Бәйдібек ауданы экологиялық аймаққа жататын Арыс қаласы және Созақ ауданымен шекаралас орналасқан". Депутат

Қазір Кентаудағы ауа мен судың ластануынан қала тұрғындарының арасында онкологиялық аурулар да асқына түскен. Мысалы, 2020 жылы онкологиялық аурумен науқастанып, қайтыс болғандардың көрсеткіші 49,5 болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 51,5-ке көбейген. Ал 2022 жылы 62,4 болып отыр.

"Әрине, мұны дабыл қағарлық мәселе деп білемін. Amanat партиясы Фракциясы бұл мәселенің оң шешім тапқаны өте маңызды деп есептейді. Құрметті Зульфия Болатқызы, сізден Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа өткізу мәселесі бойынша жұмыстардың қорытындысын жариялауыңызды сұраймыз". Депутат Ұласбек Сәдібеков


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: