Жаңалықтар тізбегі
0

СІМ Түркияда жараланып, отадан бас тартқан жерлесімізге қатысты толыққанды мәлімет ұсынды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 18:58 Сурет: ҚР СІМ
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ыстанбұлда атыс кезінде жарақат алып, отадан бас тартқан жерлесіміз жайлы толыққанды мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарақат алған жігіттің аты - Бегалы, жасы 32-де екен, Түркияға қызы - Айымды емдетуге барыпты. Бірақ, қандай да бір жағдайда оған оқ тиген. Отағасы ота жасатып, денесінен оқты алудырудан бас тартқан, өйткені қалтасындағы ақшасы қызының еміне арналған еді. Сондықтан дипломаттар бұл іске араласып, Бегалыға тегін ота жасауға көмектескен.


Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 18:58

Сурет: Facebook/Айбек Смадияров


"... Бегалымен өзім бағана тікелей хабарласып сөйлестім. Біраз әңгіме айттық, көшеде болған атыс туралы сұрадым, сонда ол ұялып маған айтқаны келесі болды: "Менің жағдайым жақсы, отаны жасап дәрігерлер оқты денемнен алды. Бүгін-ертең ауруханадан шығамын, бұл жерде жата беретін уақытым жоқ, өйткені кішкентай қызымызды емдеуге алып келгенбіз". Әңгіме барысында тек қана қызын ойлап отырғаны байқалды, дауысы және көңіл-күйі көтеріңкі екен, екі сөзінің бірі - қызым-қызым дейді. Аман-сау қалғанына қуанып отыр, сондай жарқын жомарт жігіт екен. Ыстанбұлдағы дипломаттарымыздың көмегімен отаны тегін жасаттық, қолымыздан келгенше басқа да көмек көрсетіліп жатыр", деп жазды Айбек Смадияров Facebook-тегі парақшасында.

Дегенмен Бегалының мәселесі - кішкентай бүлдіршіні. Ол Түркияда қараша айынан бері рак ауруынан емделіп, химиотерапиядан өтіп жатыр, оған арнайы ота жасау қажет. Бірақ оған қомақты қаражат керек. 

"Бегалы қызының еміне кішігірім сома жинап қойыпты, соны өзіне қимай Айымның отасына жұмсаймын деді. Қанша қаражат қажет деп сұрадым, қысылып айтпай қойды. “Көмек түсіп жатыр, жақсы адамдар бар, уайымдамаңыз, мен аяғыма тұрсам бәрінде өзім шешемін” деп ер жігіттің сөзін айтып отыр. Қызын сондай қатты жақсы көретіні сөзінен де, көңілінен де көрініп тұр, оқ тиіп жарақат алған адамға мүлдем ұқсамайды. Әкенің қызына деген махаббаты қандай керемет, иә? Сонымен достар, менің білуімше, Айымға ота жасау үшін 200 мың АҚШ доллар қажет екен. Қаражат жинауды осы жақында ғана бастапты. Қоғам болып жабылып жоғарыда көрсетілген соманы жинап беріп, Бегалы бауырымызды бір қуантсақ, қалай қарайсыздар?", деп сөзін түйіндейді ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: