Өткен тәулікте 66 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырып алды
Сурет: pexels
Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 66 жағдайы және коронавирус белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулықсақтау министрлігінің мәліметінше, 22 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 1 342 адам коронавирус инфекциясынан (–1 178+ және 164 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 164 науқас стационарда, 1 178 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- жағдайы ауыр - 2 адам,
- жағдайы өте ауыр - 0,
- ӨЖЖ аппаратына қосылғаны - 0.
Алдындағы тәулікте елімізде 53 адам КВИ жұқтырғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript