Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда оқитын мажар қызы: "Тұран" ансамблінің өнеріне ғашық болып, осы жаққа бас тарттым

Мажар қызы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2023 16:51 Сурет: Zakon.kz
21 жастағы Богларка Фехер қобыздың үнін алғаш рет 12 жасында естіпті. 2014 жылы Венгрияға еліміздің "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі барып, концерт қойған. Сол жолы ол қазақтың ұлттық аспабынан шыққан ерекше сарынға тәнті болып, өзгеше әсерге бөленгенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгіндері мажар қызы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде оқиды. Домбырамен қатар қобызда да ойнауды үйреніп алған Богларка қызсыз қазір мұнда концерт өтпейді десе де болады, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Олардың концертінде жүрегім елжіреп кетті. Сол кезден бастап, қазақстанды, қазақ мәдениетін, қазақ музыкасын қатты жақсы көремін. Шекті аспапта ойнаудың өз қиындығы бар, дегенмен адам жақсы көрген нәрсені қызығушылығы болса, тез үйреніп алады. Менде қобызды жақсы үйренейін деген ниетпен Қазақстанға келдім". Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Богларка Фехер

Венгер қызы қазір Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінде дәстүрлі музыка мамандығы бойынша білім алады. 3 курс студенті қазақ тілін де тәп-тәуір үйреніп алған. Ашық-жарқын мінезінің арқасында тобындағы қыздармен де тез тіл табысып кеткен. Қазір құрбыларының арасында өте сыйлы.

Оқу орны басшыларының айтуынша, Богларканың бір ерекшелігі – университетте шетелдік студенттерге арналған арнайы жатақхана бола тұра, ол тобындағы кілең қазақ қыздарымен бірге тұруды жөн деп тапқан.

"Нағыз мәдениеттанушылар осылай болуы керек. Келген жеріндегі елдің барлық дәстүрін, сол елдің өкілдерінің ортасында жүріп үйренуі керек. Яғни біздің мәдениетімізге деген құштарлығы өте жоғары". Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының орынбасары Асқар Тұрғанбаев

6 тілде еркін сөйлей алатын полиглот қыздың қазақ өнеріне деген құрметі ерекше. Ол Қазақстанға келіп қобызбен бірге, домбыраны да қатар меңгеріп алған. Оқу орнындағы бірде-бір мәдени іс-шара Богларканың қатысуынсыз өтпейді.  

"Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп айтады емес пе? Қазақтың екі ұлттық аспабын қатар үйреніп жатқаныма өте қуаныштымын. Осы музыка арқылы тек халқыма емес, бүкіл адамзатқа жақсылық жасағым келеді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Богларка Фехер

Өнерлі арудың ендігі арманы - Түркістаннан кейін Алматыдағы іргелі білім ордаларының бірінде білімін жалғастыру. Одан кейін туған жеріне барып, халқына қызмет ету. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: