Жаңалықтар тізбегі
0

Халық қанша жыл көлік салығын төлесе де, жолдар жөнделмей жатқанына наразы

Халық қанша жыл көлік салығын төлесе де, жолдар жөнделмей жатқанына наразы , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 17:34 Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров жол инфрақұрылымы мәселесіне тоқталып, әсіресе шалғай аймақтардағы жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, аймақтар мен елді мекендерде шешілмей жатқан мәселер аз емес, соның ішінде ең басты мәселе – жол. Жолдың сапасы түзелсе табиғаты бай ауданға туристер ағылады, аудан экономикасы көтеріліп, халықтың әл-ауқаты түзеледі. Қала және аудан аралық қарым-қатынастар жақсарады. Жедел-жәрдем көліктері дер кезінде медицина көмегін жасайды.


"Тәуелсіздігімізді алғалы көлік салығын төлеп келеміз, бірақ жол жасалмайды" деген жүргізуші азаматтардың да реніштерін жасырмаймыз. Қиыны… салақ үйдің құрақ көрпесіндей қырық жамау, тар жолдың кесірінен жеңіл автокөліктер жол апатына жиі түсетінін айтқым келеді. Бірлі, екілі қаза тапқан азаматтарды айтпағанда кейде отбасымен, кейде бір әулеттен бірнеше адам жол апатынан қаза тауып жатады. Оған дәлел ретінде арыға бармай-ақ қояйын, жақында ғана жол көлік апатынан қайтыс болған, бір үйдің төрт бірдей азаматы ағайынды-бауырлар Айнабековтардың қайғылы қазасын атауға болады. Мемлекетіміз үшін ең маңызды нәрсе - азаматтарымыздың амандығы", - деді депутат Ардақ Назаров.

Ардақ Назаров мына аталған жол құрылысына қаржы бөлініп, қайта жасауды немесе күрделі жөндеуден өткізуді сұрады:

  • Кеген мен Нарынқол екі ауданды қосатын 0-89 км аралығы күрделі жөндеу жұмыстары қажет етеді
  • Жалағаш бұрылысынан - Ақсайға дейін -15 км жол күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
  • Ақсайдан - Кеген асуына дейін -12 км жол басталған күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған.
  • «Көкпек-Кеген-Түп» 88-99 км аралығына шекараға дейін -14 км жол басталған күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: