"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына кімдер үміткер бола алады
Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
- "Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
- "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
- "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
- "Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
- "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Грант берудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау.
Грант беру міндеттері:
- талантты және талапты жастарды қолдау;
- елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық тудыратын жастардың инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау және қолдау;
- жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыруға жәрдем көрсету;
- жастар арасында шығармашылық қызметті танымал ету.
Конкурс өткізу тәртібі
Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламаны уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жариялайды.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – уәкілетті органның конкурстық өтінімдерді қабылдауы және осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігін қарауы;
- екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурс жеңімпаздардын анықтау.
Конкурстық өтінімдерді бағалау үшін уәкілетті орган конкурстық комиссия құрады.
Үміткер конкурсқа қатысу үшін конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға және конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімдерде конкурстық өтінім береді.
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығыстарды үміткер көтереді.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады:
- нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
- бейне (алпыс секундтан аспайды) немесе таныстырылым (он слайдтан аспайды);
- нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;
- зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);
- жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі қамтылуға тиіс.
Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер қабылданбайды.
19. Уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қабылдайды және олардың осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігін қарайды.
Уәкілетті орган құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда конкурстық өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде үміткерге конкурстық өтінімді осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны үміткердің конкурстық өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді.
Конкурстық өтінім хабарлама алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келтірілмеген жағдайда уәкілетті орган конкурстық өтінімді үміткерге қайтарады.
Жобаны бағалау үшін келесі критерийлер бойынша 1 ден 10 ға дейінгі балл есептеледі:
- жобаның бағытқа сәйкестік дәрежесі;
- мәселені (ағымдағы жағдайды) түсіну және нақты сипаттау, статистика және ресми дереккөздерге сілтемелер келтіріледі;
- жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
- ұсынылатын жобаның жаңашылдығы (бірегейлігі);
- бенефициарларды қамту және жобаны іске асыру ауқымы;
- жоспарланған нәтижелер шынайы және ұсынылған жоба аясында қол жеткізуге болады;
- қаржыландыру аяқталғаннан кейін қызметті жалғастыру және (немесе) нәтижелерді ілгерілету мүмкіндігі нақты сипатталған;
- сметада ұсынылған шығындар негізделген және шынайы;
- жобаны іске асырудың ұсынылған мерзімдері негізделген және шынайы.
Грант алушылардың тізімі конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамасы қол қойылған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Грантты беру, пайдалану және қайтару тәртібі
Конкурс жеңімпазы екінші деңгейдегі банктерде жеке шот ашады және конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға грантты аудару үшін банктік шоттың бар-жоғы және нөмірі туралы анықтаманы ұсынады.
Екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотты грант алушы грантты аудару үшін арнайы ашады.
Уәкілетті орган конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамасының негізінде грант алушы банктік шоттың бар-жоғы және нөмірі туралы анықтаманы ұсынғаннан кейін грант алушымен шарт жасасады.
Кәмелетке толмаған грант алушылар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен шарт жасасады.
Грант алушы жартыжылдықта 1 рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін жобаның іске асырылу барысы туралы есепті уәкілетті органға ұсынады.
Уәкілетті орган күнтізбелік бір жыл ішінде грант қаражатының нысаналы пайдаланылуына, оның ішінде грант алушының ұсынған есебі бойынша мониторингті жүзеге асырады.
Гранттың нысаналы пайдаланылмағаны анықталған жағдайда уәкілетті орган грант алушыны шарт талаптарының бұзылғаны және гранттың толық сомасын қайтару қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Грант алушы грант қаражатын уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қайтарады.
Грант алушы қаражатты белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алынады.
Грант алушы қайтарған грант қаражатын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударады.
Қаражат:
- грант алушы қайтыс болған;
- грант алушы хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған;
- грант алушы іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайларда (растайтын құжаттар болған кезде) қайтарылмайды.
Құжат 31 мамырға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.