Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады
Келісімге сійкес, бір Тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу
мерзімі кемінде 6 ай болуға тиіс жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің
аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін мемлекеттік шекараны
кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік 180 күннің әр кезеңі ішінде
жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатындай күнтізбелік 30 күннен
аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады.
Адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында 30 күннен артық болуға ниет білдірсе, осы Тарап мемлекетінің заңнамалары мен нормативтік актілеріне сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға тиіс.
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Келісімге қол қою Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, екі ел азаматтарының саяхаттау тәртібін жеңілдетуге ықпал етеді.
Келісімге Қазақстан Үкіметі атынан қол қою өкілеттігі Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге тапсырылды.
Құжат 2 маусымға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.