Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
Сурет: pixabay
28 мамырда жергілікті уақыт бойынша 08:00-де (Астана бойынша 11:00-де) Түркияда президент сайлауының екінші туры басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елде 60 миллион 721 мың 745 сайлаушы үшін 191 мыңнан астам дауыс беру жәшігі орнатылған. Дауыс беру сағат 08:00-де басталып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де аяқталады.
Сайлаушылар президенттікке Әділет және даму партиясының төрағасы, қазір ел басқарып отырған Режеп Тайып Ердоған мен алты оппозициялық партиядан құралған альянсты басқаратын Кемаль Қылышдароғлының біреуін таңдайды.
Президент сайлауының бірінші туры 14 мамырда өтті. Сол кезде 50%-ды бірде-бір кандидат жинай алмады.
Қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған 49,5% дауыс жинаса, оның басты қарсыласы Кемаль Қылышдароғлы 45%-дан аз дауыс жинады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript