Түрік лирасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды
Сурет: pixabay
Түрік лирасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды. Қазір 1 доллар 20 лирадан сатылып жатыр.
Валюта бағамы президенттік сайлау өткеннен кейін әлсіреді, деп жазады qazaqstan.tv.
Экономистер лираның құнсыздануын Орталық банктің ақша-несие саясатымен байланыстырады. Қазір елде инфляция жоғары болғанымен, пайыздық мөлшерлеме төмен күйінде қалып отыр.
Президент Режеп Тайып Ердоған ставкаларды көтермей, инфляцияны төмендетуге болады деп есептейді.
Ал "Bloomberg" агенттігінің хабарлауынша, Түркияның ақша-несие саясаты өзгермесе, жыл соңына қарай лира бағамы 29 пайызға дейін арзандауы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript