Президент Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді
Сурет: видеодан скриншот
1 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жұмыс сапары аясында, өз отбасы тұрған ауланы аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда Telegram-арнасында Президенттің әкім Ерболат Досаевпен бірге Алматыда серуендеген видеосы жарияланды.
Терезелерді нұсқаған Президент өз отбасының екі бөлмелі пәтері болғанын айтты.
Айта кетейік, Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.
Қазақстан басшысы Алматыға 31 мамырда келді.
1 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Оқушылардың инновациялық шығармашылығы орталығында болды. Ол сондай-ақ Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мен Корея Сыртқы істер министрі Пак Джинді қабылдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript