Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Абай облысындағы өртке кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылатынын айтты

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2023 14:13 Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Семей орманы" табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бергенін айтты.

"Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде Үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз". Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өртке кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылатынына уәде берді.

"Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады. Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады". Қасым-Жомарт Тоқаев

Ертең, 12 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: