ТЖМ: Екі елді мекенде өрттің нүктелері анықталды
Сурет: akorda
Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Абай облысындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның сөзінше, бүгінгі тікұшақпен барлау жұмыстарының нәтижесінде жағдайдың тұрақталғаны көрінеді. Бірақ екі елді мекенде өрттің ыстық нүктелері анықталып жатыр.
"Бұл бойынша жеке құрам, барлық техника жұмылдырылды. Тікұшақпен су төгу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда кешеге, алдыңғы күнге қарағанда жел күшейіп жатыр. Жай жанып жатқан от қайта күшейтіп жіберу қаупі бар. Сондықтан бүкіл күш-құралдарды мүмкіндігінше өртті сөндіруге ат салысамыз. Барлығы бақылауда", - деді ол.
Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.
Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.
Президент Тоқаев қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп белгіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript