Президент: Тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған
Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы алапат өртке кінәлі азаматтар жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуына қарағанда, министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған.
"Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады".Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.
Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.
Еске салайық, бұған дейін Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатып, орнына Сырым Шәріпхановты тағайындады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript