Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысындағы жедел штабтың отырысы қаза тапқандарды еске алудан басталды

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2023 17:22 Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент бүгін қаза болғандардың туысқандарымен кездескенін, жұрттың жылап отқанын айтты.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысы табиғат апаты кезінде қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

"Елімізде тағы да алапат өрт болып жатыр. Өкінішке қарай, тілсіз жаумен күрес кезінде азаматтарымыз қайтыс болды. 14 адам қызметтік міндетін атқарып жүріп ерлікпен қаза тапты. Мен жаңа ғана бұл адамдардың туысқандарымен кездестім. Өте ауыр әңгіме болды. Жұрт жылап отыр. Үкіметке наразылығын айтып жатыр. Марқұмдардың отбасыларына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алайық", - деді Тоқаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: