Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер Абай облысындағы төтенше жағдай аумағында жаңбыр жауады деп болжады

"Семей орманы" резерваты, орман, өрт, "Қазгидромет", ауа райы болжамы, жаңбыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 09:28 Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер Абай облсында қашан жаңбыр жауатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше күннен кейін алғаш рет оптимистік болжам айтыла бастады. Өртке оранған аймақта жақын арада жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тіпті ауа температурасы түсуі мүмкін, деп мәлімдеді КТК.

Алайда, "Қазгидромет" мамандары жауын-шашын ұзаққа созылмайтынын, ал температура сәл ғана төмендейтінін айтты. Дегенмен бұршақ жаууы мүмкін.

Қазір 40 мың гектардан астам орман өртеніп жатыр. Өртпен 1800 адам күресіп жатыр. Оларға күннің ыстығы мен жел, жол жоқтығы кедергі болып тұр.

«Таяу күндері Қазақстан Республикасының басым бөлігінде – Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Жетісу облысында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында,  Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады,"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова

14 маусымда Астанада және еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: