Жаңалықтар тізбегі
0

Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрлігіне қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін

"Семей орманы" резерваты, орман, өрт, ҚР ТЖМ, Экология министрлігі, аудит, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 13:41 Сурет: Zakon.kz
15 маусымда Сенат кулуарында Жоғарғы аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрлігіне қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Экология министрлігінің аудиті аяқталғанын, бірақ кез келген аудит барлығын қамтитын емес, іріктеп жүргізілетінін атап өтті. 16 маусымда тексеру қорытындысын қарауға арналған жиын өтеді.

"Менің ойымша, талқылап, тағы бір қосымша аудит жүргізу жөнінде шешім қабылдауымыз мүмкін. Бізде Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша аяқталмаған аудит бар. Өткен жылғы Қостанай облысында болған өртті, биыл  Абай облысында болған өртті, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрлігінің дайындығы болмағанын ескере отырып, қосымша шешім қабылдайтын шығармыз. Қосымша тексерулер қажеттігі жөнінде шешім қабылдауымыз мүмкін". Наталья Годунова

2023 жылдың 8 маусымында Абай облысында "Семей орманы" резерваты өртене бастады. Соңғы мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кеткен. Өрт бір аптадан кейін ғана ауыздықталды. Өртпен күресте "Семей орманы" резерватының 14 қызметкері қаза тапты. Осы жағдайдан кейін Экология министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігіне сын айтыла бастады. Сондай-ақ резерваттың жағдайы мүшкіл, техникасы жоқ болып шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: