Досаев АИТВ анықталған аурухана басшылығы неге қызметінен босатылмағанын айтты
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
21 маусым Медеу ауданының тұрғыны Алматы әкімі Ерболат Досаевтан АИТВ індетін жұқтырғандар анықталғанына байланысты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен Орталық қалалық клиникалық аурухана басшылығы неліктен жұмыстан шығарылмағанын сұрады, деп хабарлайды zZakon.kz.
Әкім тергеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
"Біреуді қызметінен алу үшін алдымен мұның бәрі (инфекция – Ред.) қайдан шыққанын анықтау керек. Комиссия жұмысын аяқтаған соң Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды. Біз оны бақылап отырмыз". Ерболат Досаев
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығы аясында реанимациядан кейін 30 күн өткен соң науқастар қайта тексеруден өтуге міндетті.
"Екі жағдай анықталды (кейінірек тағы бір жағдай анықталды – ред.). Бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қалалық ЖИТС орталығымен бірлесе отырып, барлық реципиентпен медицина қызметкерлерімен, жансақтау бөлімінде болған басқа да науқастармен жұмыс жүргізілді. Осыдан кейін 13 маусымда барлық деректер регламентке сәйкес Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді.14 маусымда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кезектен тыс тексерулер тағайындады, қазір сол бойынша жұмыстар жүггізіліп жатыр". Ерболат Досаев
14 маусым күні Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ індетін жұқтырған үш адам анықталғаны белгілі болды. Алматы қ. ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) АИТВ оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтаған.
Сол күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ індетін жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізуді бастағанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript