Енді Қазақстан халқы Әзербайжанға жиірек ұша алады
Сурет: pixabay
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе рейстерінің саны көбейіп жатыр. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Комитеттің мәліметінше, 2023 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрлігі арасында әуе қатынасы туралы хаттамаға қол қойылды.
"Қол қойылған Хаттамаға сәйкес екі тараптың тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан аптасына 32-ден 42 рейске дейін елдер арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база кеңейтілді".Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Құқықтық базаны кеңейту елдер арасында орындалатын рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік бермек.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттырады, сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал етеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript