Ауғанстанда әйелдердің мәртебесі қайтарылды
Сурет: pixabay
Ауғанстанда әйелдердің құқықтары қайта қалпына келтіріледі. "Талибанның" жоғарғы лидері Хайбатулла Ахундзада осылай деп мәлімдеді.
Оның сөзінше, "тәліптер режимі ауған әйелдерін қысым көрсетуден босатып, еркін адам мәртебесін қайтарды".
Ахундзаданың мәлімдемесі араб, дари, ағылшын, пушту және урду тәрізді 5 тілде жарияланған. Тәліптер басшысы онда әйелдердің күштеп хиджаб киюіне қатысты 20 жылдық оккупацияның кері тұстары жойылатынын атап өткен, деп жазады qazaqstan.tv.
Айта кетері , "Талибан" қозғалысы билікке келгеннен кейін әйелдердің құқықтарын сақтауға уәде берген еді.
Алайда қыз-келіншектерге университетте оқуға және білім беруге, спортпен шұғылдануға тыйым салып, үкіметке жұмыс істеуге шақырмай, үйде отыруға мәжбүрлеп келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript