Шығыс Қазақстан облысындағы барлық өрт сөндірілді
Екі аудандағы орман шаруашылығында құрғақ шөп өртенген.
Ведомство өрт өрт сөндірушілердің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен сөндірілгенін мәлімдеді.
Ұлан ауданындағы өрт 2023 жылғы 26 маусымыда басталып, 5 га аумақты шарпыған, ал Өскемен қаласының шетіндегі өрттің аумағы 14 гектардан асқан.
Приморск орман шаруашылығының аумағындағы өрт кеше түстен кейін оқшауланды. Таулы, жартасты жерлер болуына байланысты бұл аумақта өрт сөндіру оңай болмаған.
Комсомол орманшылығында құрғақ шөп өрті 27 маусым күні сағат 18.30-да оқшауланды. Өртті сөндіруге ШҚО төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығынан 74 адам, 14 бірлік техника, МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған.