Сауд Арабиясында қажылық кезінде 230 адам көз жұмды
Сурет: Zakon.kz
Сауд Арабиясында қажылық кезінде 230 адам көз жұмды. 48 градус аптап ыстықтан зардап шеккендер саны 2 мыңнан асып жығылады.
Марқұмдардың басым көпшілігі индонезиялықтар. Иран азаматтары да бар. Қайтыс болғандардың ең үлкені 114 жастағы қария.
Ел билігі бұл туралыа ресми мәлімет таратпай отыр. Бес парыздың бірін өтеушілер әсіресе Арафат тауының бөктеріне жиналып, күні бойы ашық аспан астында құлшылық еткенде күн өтіп, қалжыраған сыңайлы.
Сонымен қатар, есінен танған, жүрек талмасы мен демігуден қайтқандар да көп.
Кейбір адамдар емханалар мен ауруханаларға бармаған. Сондықтан о дүниеге аттанғандар мен зардап шеккендердің нақты санын анықтау қиынға соғып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript