Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында ішімдік тұтынудан бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды

Үлгілі елдімекен, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2023 12:53 Сурет: pixabay
Түркістан облысында тұрғындары ішімдік пен темекіден бас тартқан ауылдары қатарына тағы біреуі қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Қоғалы ауылының ақсақалдарыа темекі мен алкогольден бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл бастаманы ауыл халқы қолдады. Қоғалы - жаман әдеттен жиренген осы өңірдегі 12-ші ауыл, деп хабарлайды 24kz.

Полицияның мәліметінше, Қоғалы ауылында тұрғындар алкогольден бас тартқаннан кейін қылмыс қатары күрт сиреген, сонымен қатар ажырасу да тыйылған. 2022 жылы аймақтық байқауда бұл ауыл "Үлгілі  елді мекен" етінде мойындалған.

Бұған дейін Түркістан облысының Ордабасы ауданында Төреарық және Жусансай ауылдары жаман әдеттен бас тартқаны белгілі болды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының екі ауылының тұрғындары да ішімдік тұтынудан бас тартты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: