Алматыда жаңадан салынған "Алмагүл" шағын электр станциясы шілде айында іске қосылады
Сурет: pixabay
Бостандық ауданында жаңа "Алмагүл" қосалқы станциясына 4,8 км электрмен жабдықтау желісі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде оны шілде айының соңында іске қосу жоспарланғанын айтты.
Әкімнің айтуынша, жаңа электр станция шамамен 200 мың тұтынушыны электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етеді.
"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамының желісі бойынша шілде айында 77,5 км жоғары вольтты электр кабель желілерін, 98 дана трансформаторлық станциялар мен тарату пункттерін ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар 1,5 км кабельдік желілер ауыстырылып жатыр, ол жыл соңында бітеді", – деді әкім.
Бұдан бөлек, әкімнің сөзінше, маусым айында ауданның қосылған аумақтарында Ерменсай және Ремизовка шағын аудандарында 47,2 км электр желілерін реконструкциялау жұмыстары басталды. Аяқталуы – 2024 жылдың сәуірі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript