Алматыда мопедпен жүретін курьерлерге талап қатайды
Мәселені 13 шілде күні әкіммен кездесуде Бостандық ауданының тұрғыны көтерген болатын. Тұрғын Ерболат Досаевтан неге мопедшілерге жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салуға болмайтынын сұрады.
"Балалар жаяу жүргіншілер жолымен жүреді, ал біздің барар жеріміз жоқ, жолға шығуын сұраймыз, бірақ олар ештеңе істемейді", - деп шағымданды қала тұрғыны.
Бұл сауалға жауап берген Алматы әкімі электроскутерлердің қозғалысы заң жүзінде реттеліп қойғанын еске салды. Келесі кезекте мопедистер тұр, бірақ бұл уақытты қажет етеді.
"Бізде мопедтерге, электрсамокаттарына және жалпы қозғалтқышы 50 текше метрге дейінгі көліктерге қатысты келесі өзгертулер пакеті бар. Бізде заңнама болған кезде оларға айыппұл салуға болады. Мопедпен негізінен азық-түлік таситын жұмысшылар жүретінін білесіздер. Олар жеткізуді, тапсырысты орындауға үлгеру үшін кез келген тәртіпті бұзуға дайын", - деді әкім.
Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров полицейлер жеткізу қызметімен бірлесе отырып, мопед жүргізушілеріне шара қолдануға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама әзірлегенін айтты.
"Егер біздің қызметкерлер азық-түлік жеткізу бөлігінде бұзушылықтарды анықтаса, атап айтқанда, үштен беске дейін бұзушылықтар болса, бағдарлама бұғатталады, бұл оларға ықпал етудің бір түрі", - деді Арыстанғани Заппаров.
Ерболат Досаев мәселені шешудің оңтайлы жолы – заңды шектеулер енгізу деп түйіндеді. Күзге дейін бұл мәселе шешіледі деп сендірді.
Маусым айының соңында мопед жүргізушілеріне жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолдарында жүруге тыйым салатын заңнамаға түзетулер күшіне енді.