Алматы облысында бірнеше ауылдық округ пен ауыл атауы өзгертілмек
Сурет: amanatpartiasy
Әкімдік пен мәслихаттың "Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешімі әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанна, Іле ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауын өзгерту жоспарланған:
- Энергетический ауылдық округін Өтеген батыр ауылдық округіне;
- КазЦИК ауылдық округі Асқар Тоқпанов ауылдық округіне;
- Энергетический ауылдық округі Покровка ауылын Кенен Әзірбаев ауылына;
- Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылын Байкент ауылдық округі және Байкент ауылына;
- Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылын Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылына;
- КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылын Жайнақ ауылына.
Бұған қоса Талғар ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы өзгертілмек:
- Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылына.
Кеген ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы өзгертілсін:
- Жалаңаш ауылдық округі Жалаңаш ауылын Жалағаш ауылына.
Құжат Ашық НҚА сайтында 28 шілдеге дейін жарияланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript