Бас прокурор Ұлытау облысының прокурорын қызметінен босатты
Бұл жаңалықты облыстық прокуратура Instagram желісіндегі парақшасында жариялады:
"Бас прокурордың бұйрығымен Ұлытау облысының прокуроры Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев Бас прокуратураға ауысуына байланысты қызметінен босатылды".
Жарқынбек Бақашбаев 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
1985 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Әр жылдары Шымкент облысы, Целиноград облысы Целиноград қ. Ленинск ауданы прокуратураларының тергеушісі, Оңтүстік-Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу бөлімінің бастығы, Арыс, Түркістан, Шымкент қалаларының прокуроры, Қызылорда, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар департаменті бастығының және Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары, Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы, Ұлытау облысының прокуроры қызметтерін атқарған.