Түркістан облысында төрт адамды атып кеткен күдіктілер іздестіріліп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Полицейлер Түркістан облысында екі адамды атып, ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
5 тамызда екі белгісіз адам Арыста салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, оқ атып, қашып кеткен. Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
"Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстап алу" жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп, болған оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр". Polisia.kz
Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript