Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалған қыз табылды
Сурет: видео скрині
Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалған қызды полицейлер тәулік ішінде тапты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 тамыз күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданған.
Әйелдің айтуынша, 9 тамыз күні "автобекетте тұрмын" деп хабарласқан 19 жастағы қызы үйіне оралмаған.
Полицейлер бірден оқиға орнына жеткен.
19 жастағы қыз бір тәулікке жетпей, Шымкенттен табылды. Полицейлер оны ата-анасына тапсырды.
Ол қыдырмақ болып, ешкімге айтпастан қалаға жол тартқан. Ал отбасымен ұялы телефоны бұзылып қалғандықтан хабарласа алмаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript