Қаза тапқан орманшылардың отбасыларына өтемақы төленеді
Құжат Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 70-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы президентінің Абай облысындағы табиғи өртті жою бойынша 2022 жылғы 11 маусымдағы Жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.
Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман күзету міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі.
Қызметкердің, курсанттың мемлекеттік орман күзету қызметшінің отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады.
Ақшалай төлемді рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?
- белгіленген үлгідегі өтініш;
- қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы хабарлама;
- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (туу, неке қию, бала асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру), басқа адамдар өтініш берушінің отбасы мүшесі болып танылған жағдайда соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелері күндізгі оқу нысанының білім алушысы болып табылса, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын оқу жылының басында ұсынылады);
- теңгедегі банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер;
- егер кәмелетке толмаған отбасы мүшелері жетім не ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің кәмелетке толмаған отбасы мүшесіне қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжаттың көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері, неке қию туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін) куәліктер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін.
Осы тармақта көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш ол берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс.
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттардың толық әрі дұрыс ресімделуін тексереді және оның ішінде:
- қаржы бөлімшесінің қайтыс болған қызметкердің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің соңғы атқаратын лауазымы бойынша ақшалай қаражатының мөлшері туралы ақшалай төлем алуға құқық беретін анықтамасы;
- қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуының себептері мен мән-жайын қызметтік тергеп-тексеру материалдары;
- әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысы;
- қаза тапқанқызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің жеке құрам тізімінен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзінді қамтылуға тиіс жеке істі қалыптастырады.
Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген мәліметтерді жаңарту не нақтылау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен немесе мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратады және оларды жеке істің материалдарына қосады.
Жауапты құрылымдық бөлімше әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысын алғаннан кейін өтініш берген адамды қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Ақшалай төлемді тағайындау қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуының себебі мен оның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі арасындағы тікелей себеп-салдарлық байланыс болған кезде жүргізіледі.
Қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуы мен оның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуінің әскери-дәрігерлік комиссия шығарады.
Егер мемлекеттік орман күзеті қызметкердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі салдарынан қайтыс болуы:
- оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы үстінде;
- алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды медициналық емес пайдалану салдарынан;
- ақшалай төлем алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өзіне-өзі қасақана қандай да бір дене жарақатын немесе денсаулыққа өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны белгіленсе, ақшалай төлемдер жүргізілмейді.
Ақшалай төлемді іске асыру мөлшері
Қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша әрбір отбасы мүшесіне ақшалай төлем қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша қызметшінің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының 40 пайызы мөлшерінде іске асырылады.
Бұл ретте отбасының барлық мүшесіне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызынан аспауға тиіс.
Отбасы мүшелері үшеу және одан көп болған кезде әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызына тең үлес ретінде есептеледі.
Құжат жобасы 2023 жылғы 28 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.