Қазақстанда алғашқы қар түсіп үлгерді
Сурет: Instagram.com/altay_pro.kz
14 тамызда таңертең Шығыс Қазақстан облысында қар жауды. Атап айтқанда, Белуха тауының маңында, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белуха тауының етегіне түскен қардың суретін Altaypro альпинистік тобының мүшелері Instagram-дағы парақшаларында бөлісті.
"Соңғы 10 жылда тура осы уақытта бұл маңда қар жауды дегенді естімеппін, есімде жоқ. Белуха тауының етегіндегі алғашқы қар", делінген суреттің сипаттамасында.
Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 15 тамызда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін екенін ескерткен болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript