Түркістандық полицейлер адам өлтірген екі күдіктіні іздестіріп жатыр
Сурет: Түркістан облысының полиция департаменті
Түркістан облысының полиция департаменті адам өлтірді деген күдікке ілінген екі адамға іздеу жариялады, - деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша күдікті 14.12.1985 жылы дүниеге келген Абдукаримов Санжар Жұмадиллаұлы іздестіріліп жатыр.
Сондай-ақ 24.07.1989 жылы дүниеге келген Пашекеев Бахтияр Ғалымұлына да іздеу жарияланды. Ол дәл осы баптың 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген.
Облыстық полиция департаменті іздеуде жүрген ер адамдарға қатысты қандай да бір ақпарат білетіндерден ведомствоның кезекші бөліміне 102, 8(725-33) 5-97-65 немесе іздестіру тобына 8-747-789-06-79 нөмірлеріне хабарлауды өтінді.
Ақпарат берген адамның деректері құпия болып қалады және арнайы сыйақы да беріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript