Жаңалықтар тізбегі
0

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасындағы іздеу жұмыстары жалғасатынын хабарлады

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахтасындағы іздеу жұмыстары жалғасатынын хабарлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 22:00 Сурет: YouTube/Айым Амрина
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ өкілі шахтадағы қазіргі ахуал туралы баяндап, осы сәтте өртті ауыздықтау жұмыстары жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Ғафиуловтың айтуынша, қазір шахтадағы қалыпты желдету режимі ретке келтіріп жатыр және іздеу жұмыстары жалғасады.

"Біз үмітті үзбейміз және міндетті түрде іздестіру жұмыстарын жалғастырамыз. Барлығын сабырға шақырамыз. Марқұм кеншінің отбасына қайғырып көңіл айтамыз және жан-жақты қолдау көрсетеміз", - деді Ғафиулов.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берген еді.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізуді тапсырды.

"Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы "Қазақстан" шахтасында өрт бүгін, 17 тамызда таңғы уақытта шыққан. Шахтада 227 адам болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылса, бесеуі жер астында қалды.

Алты адам ауруханаға жатқызылды, екеуі жансақтау бөлімінде.

Қарағанды ​​облысы әкімдігінің мәліметінше, әзірше қаза тапқандардың аты-жөні анықталмаған. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайдың екі жұмысшының мәйіті табылғанын хабарлады. Кейінірек бір адамның қаза тапқаны расталмады.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігі ("Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: