"Қазақстан" шахтасында зардап шеккен екі жұмысшы әлі іздестіріліп жатыр
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта зардап шеккен екі жұмысшыны іздестіріліп, жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасып жатыр.
Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сондай-ақ қазбаны салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды. Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды".Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript