"Қазақстан" шахтасында қаза тапқан төртінші кеншінің мәйіті табылды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
"Қазақстан" шахтасында қаза тапқан төртінші кеншінің мәйіті табылды, бесінші кенші әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шахтадағы өрт кезінде жоғалып кеткен төртінші кеншінің мәйіті бүгін, 19 тамызда сағат 18:14-те табылды.
Ол Артур Халиков, 1994 жылы туған, 4 разрядты жерасты электршебері, 10 жылдық еңбек өтілі бар.
"Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады"."АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі
Еске салайық, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" "Қазақстан" шахтасындағы өрт кезінде қаза тапқан үш қызметкердің деректерін жариялаған еді.
Олар:
- Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
- Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
- Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript