Алматыда жылыту маусымына қызу дайындық жүргізіліп жатыр
Сурет: freepik
Әкім Ерболат Досаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңесте хабарлағандай, биыл 15 тамызда энергия кешені мен инженерлік желілердің жалпы дайындығы 75,6%.
Жылумен жабдықтау бойынша дайындық 75%, электрмен жабдықтауда 72%, газбен жабдықтауда 77%, сумен жабдықтау және су бұру бойынша 80%.
Бұл ретте, Алматыда көмір бойынша отын қорымен қамтамасыз ету 123%.
"Алматы қаласының коммуналдық шаруашылығының алдағы жылыту маусымына толық дайындығы 1 қазанға дейін аяқталады", - деді Ерболат Досаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript