Өскеменде ер адам тұрғын үйдің ауласында оқ атқан
Сурет: видео скрині
Өскеменде ер адам тұрғын үйдің ауласында оқ атқан. Атыс салдарынан Есенберлин көшесінде қоршау орнатылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, 47 жастағы ер адам мас күйінде тіркелген аңшы қаруынан бірнеше рет оқ атқан.
"Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі
Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript