ШҚО-да "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының өңірлік деңгейдегі жеңімпазы анықталды
Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД-ның баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде қызмет атқарып жүрген пробация қызметі қызметкерінің жанұясы "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының облыс деңгейіндегі жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Байқаудың алғашқы кезеңінен өткен Әлімовтар отбасын бүгінде облыс әкімі құттықтап, диплом, бағалы сыйлықтар табыстады. Байқаудың алғашқы кезеңінен өткен Әлімовтар отбасын бүгінде облыс әкімі құттықтап, диплом, бағалы сыйлықтар табыстады". ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Әр жыл сайын өткізілетін бұл байқау отбасы құндылықтарын насихаттап, абыройын арттырып, жастарымызға отбасы мен некенің маңыздылығын көрсетіп келеді. Осындай үлгілі отбасылардың бірі - Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауылының тұрғыны Әлімовтардың отбасы.
Отбасында 12 кыз бен бір ұл тәрбиелеп, олардан 28 немере, 19 шөбере сүйіп, шаттыққа бөленіп, берекелі бірлік пен татулықты биік еткен Әлімовтар отбасы облыс көлемінде танымал.
"Осы әулеттің кіші қызы әділет капитаны Әлімова Аяжан Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Өскемен қалалық пробация қызметінің аға инспекторы болып қызмет атқарады. 15 жылдан бері қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Аяжан да өз отбасымен мақтана алады", делінген хабарламада.
Ата-анасынан жақсы тәрбие алып, өз өмірініІшкі істер органдарына арнаған Аяжан бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр.
"Отбасы дәстүрлерін берік ұстанып, қадірлей білу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, отағасын сыйлап, балаларымызға жақсы тәрбие беріп, болашаққа жол ашу өз қолымызда , - дейді әділет капитаны Аяжан Әлімова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript