Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның үш қаласында коронавирусқа шалдығушылар қатары артып келеді

Коронавирус, КВИ, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 18:13 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ОКҚ-да өткен брифингі барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова еліміздегі коронавирус және қызылша бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілі соңғы аптада әлемде КВИ-ге шалдыққандар саны 38%-ға өскенін еске салды. 

"Егер Қазақстандағы көрсеткіштерге келетін болсақ, биылғы жылы КВИ жұқтырудың 10 409 жағдайы тіркелді, 2022 жылмен салыстырғанда, әрине бұл - 38 есе төмен көрсеткіш. Төмендеу бар екеніне қарамастан, мысалы тамыз бен шілде айларын салыстырсақ, 1,5 есе – 233-тен 343 жағдайға дейін өсу деңгейі байқалады. Өсім негізінен Алматы, Астана және Шымкен қалаларында байқалып отыр". Зәуре Ахметова

Вакциналардың жайына келетін болсақ, Зәуре Ахметованың айтуынша, бүгіндері ол кез келген азаматқа қолжетімді.

"Вакциналар бар әрі халыққа қолжетімді. Елімізде 257 мыңнан астам доза бар: Комирнати/Омикрон вакцинасы – 80 мыңнан астам және Sinopharm – 170 мыңнан астам. Бүгінгі таңда біз тағы вакцина сатып алу жайын қарастырып жатырмыз, өйткені халықты қамсыздандыру деңгейі өте жоғары, халықтың 55,9 пайыздан астамы вакциналаудың толық курсын алды. Әлемдік тәжірибені ескере отырып, бізде 5,8 миллионнан астам адам бастапқы вакциналаудан, 1,5 миллионнан астам адам қайтара вакциналаудан өткен. Яғни, біз жағдайды бақылап отырмыз, эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, вакциналардың қосымша дозаларын сатып алу мәселелері қаралатын болады". Зәуре Ахметова

Комитет төрағасының орынбасары қызылшаға қатысты жағдай көңіл көншітпейтінін айтты. Оның айтуынша, негізінен бұған вакциналаудан бас тарту себеп.

"Жыл басынан бері қызылшаның 4 306 жағдайы тіркелді: 70% – вакцина алмаған балалар, оның ішінде вакциналаудан бас тарту – 1700-ден астам жағдай, медициналық қарсы көрсетілімдер – 172 жағдай, егілу жасына жетпеу - 648 жағдай. Вакцина жеткілікті мөлшерде. Бұл ретте қосымша сатып алуды қарастырмаймыз. 2023 жылға 552 мыңнан астам доза сатып алынған, қоймада вакцина көлемі жеткілікті". Зәуре Ахметова

Сондай-ақ, брифинг барысында Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Целиноград аудандық емханасының директоры Дәурен Сибанбаев дәрігерлер мен орта медициналық персоналдардың жалақысы туралы мәлімет берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: