Әкімдіктер зират қорымының бос уческелері туралы ақпаратты жариялауға міндеттелмек
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымы әкімшілігінің арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу өткізілетін конкурстың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мерзімде жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде осы көрсетілетін қызметтерді жеке лоттарға бөледі.
Жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу бір лот – бір зират қорымы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Зират қорымының аумағы зираттар қатарына бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі:
- зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды ұйымдастырады;
- жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі есепке алу журналдарының негізінде зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.
Құжат 21 қыркүйекке дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.