Желідегі масқара сурет: Аққұм ауылына шексіз трафиктегі интернет орнату уәде етілді
Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Түркістан облысының Аққұм ауылына шексіз трафикке ие 20 Мбит/с жылдамдықтағы интернетті жүргізуге уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік бұл жұмысқа әлеуметтік желіде тез тараған даулы суреттен кейін жең түре кіріскен. Суретте ноутбукке шұқшиған мұғалімдердің жолдың бойына жүрелеп отырғанын көруге болады. Осылайша олар өз жұмыстарын атқару үшін интернетті "ұстауға тырысуда", деп жазады Otyrar.kz.
"Министрлік "Қолжетімді Интернет" байланыс саласындағы ұлттық жобаны әзірледі. Осы жоба шеңберінде 3 мыңнан астам ауылдық елдімекен талшықты-оптикалық байланыс желілері бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар қарастырылған. Олардың қатарына Аққұм ауылы да кіреді", делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Түркістан облысында бір ауылдың мұғалімдері сыған сияқты күй кешуде екені хабарланған. Өйткені мұғалімдер "Күнделікті" электронды жолмен толтыру үшін көрші ауылға күнде такси жалдап барады. Себебі Аққұм ауылында не байланыс, не мобильді интернет жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript