Австралияда аптап ыстықтан мектептер жабылды
Сурет: Zakon.kz
Австралияда аптап ыстықтың беті қайтпай тұр. Елдің оңтүстік-шығысында орман өрті қаупінен мектептер жабылды.
Ал Сидней көшелерінде от жағуға мүлдем тыйым салынды, деп жазады qazaqstan.tv.
Сынап бағанасы +34 градусты көрсетіп тұр. Бұл мезгілде күннің осыншама шыжуы әдетте Австралияға тән емес.
Оның үстіне елдің Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 61 орман өрті тіркелген.
Тілсіз жаумен 500-дей маман күресіп жатыр. Өрт күшті желдің әсерінен өрши түсуі мүмкін деген де үрей бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript