ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп қойды
Сурет: Zakon.kz
Өскемен полиция басқармасы Ертіс полиция бөліміне Шемонаиха ауданының тұрғыны арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам танысының су құбырын тартуға ақша салуды ұсынғанын, бірақ оны алдап, ақшасын иемденіп алғанын айтқан. Келтірілген шығын 5 миллион теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы күдіктіні ұстаған. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұдан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript